Бүгін: 30.06.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Семинар-кеңеске «Нұр Отан» Партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің мүшесі - Дармурзаев Асылхан Исмаилұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы – Амирбеков Ерболат Ерланбекұлы және басқарма қызметшілері, облыстың спорт мекемелері мен кәсіпорындары басшылары, бас есепшілері (барлығы 50 адам) қатысты.

 Шара барысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасаған үшін тәртіптік және қылмыстық жауакершілікке тартудың өзекті мәселелері талқыланып, тиісті заң нормаларына түсіндірмелер берілді.

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша басқарманың жауапты қызметшілері мен басқармаға қарасты мекемелер (кәсіпорындар) басшыларына Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ қолданыстағы заң нормалары талаптарының мүлтіксіз орындалуын қатаң бақылауға алу тапсырылды.