Бүгін: 11.05.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 

8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данадағы көшірмесін қоса бере отырып, электрондық тасығышта осы бұйрықтың көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және мерзімді баспа басылымдарына жариялау үшін жолдауды;

3) осы тіркелген бұйрықты алған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде, баспа және электрондық түрде, елтаңбалы мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың  1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрі

___________ Ә. Исекешев

2016 жылғы «     » _________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

___________ Е. Досаев

2016 жылғы «     » ________

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің

2016 жылғы  №  бұйрығы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

1) «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 9675 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 30-1 және 32-1-тармақтармен толықтырылсын:

«30-1. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беруден бас тартуға мыналар негіздеме болып табылады:

1) спортшының немесе жаттықтырушының спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;

2) спортшының немесе жаттықтырушының және/немесе спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатты беру үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағиданың талаптарына және (немесе) спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына  сәйкес келмеуі.»;

«32-1. Спортшы немесе жаттықтырушы спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатты беруден бас тарту себептерін жойған жағдайда спортшының немесе жаттықтырушының Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта жүгінуіне болады.»;

2) «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларында:

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Спорт федерацияларын аккредиттеуден бас тартуға мыналар негіздеме болып табылады:

1) спорт федерациясы аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;

2) спорт федерациясының және/немесе аккредиттеу туралы куәлікті беру үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеуі.»;

3) аккредиттеу туралы куәлікті беру үшін спорт федерациясын қажетті республикалық немесе өңірлік спорт федерациясының мәртебесін растау туралы сұрау салуға тіркеген әділет органның теріс жауабы;

4) спорт федерациясына қатысты заңды күшіне енген аккредиттеу туралы куәлікті беруді талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімнің (үкімінің) болуы.»;

мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

«24-1. Спорт федерациясы аккредиттеуден бас тарту себептерін жойған жағдайда спорт федерациясы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта жүгінуіне болады.»;

3) «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – аккредиттеу туралы куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Порталда – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және/немесе қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;

мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

«9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;

2) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет көрсетілетін қызметті алушының құқықтық мәртебесін растау туралы сұрау салуға берілген көрсетілетін қызметті алушыны тіркеген әділет органның теріс жауабы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке және жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы, заңды күшіне енген сот шешімнің (үкімінің) бар болуы.

9-2. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті беруден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен қайтадан жүгінуіне болады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – аккредиттеу туралы куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Порталда – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және/немесе қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;

мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

«9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы үшін мыналар негіздеме болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;

2) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке және жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы, заңды күшіне енген сот шешімнің (үкімінің) бар болуы.

9-2. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті беруден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен қайтадан жүгінуіне болады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу туралы хабардар ету не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Порталда – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және/немесе қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;

мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

«9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы үшін мыналар негіздеме болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;

2) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) қызмет көрсетуге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде мемлекеттік қызметті алуға байланысты көрсетілетін қызметті алушының арнайы құқықтан айырылуы.

9-2. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті беруден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен қайтадан жүгінуіне болады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық атақ беру туралы куәлік, біліктілік санатын беру туралы куәлік немесе спорттық атақты, біліктілік санатты беру туралы бұйрықтың көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Порталда – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және/немесе қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;

мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

«9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы үшін мыналар негіздеме болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;

2) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

9-2. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті беруден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен қайтадан жүгінуіне болады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санаттын беру туралы куәлік не спорттық разрядты беру туралы, біліктілік санаттын беру туралы бұйрықтын көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және/немесе қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;

мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

«9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы үшін мыналар негіздеме болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;

2) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

9-2. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті беруден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен қайтадан жүгінуіне болады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санаттын беру туралы куәлік не спорттық разрядты беру туралы, біліктілік санаттын беру туралы бұйрықтын көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және/немесе қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;

мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

«9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы үшін мыналар негіздеме болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;

2) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

9-2. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті беруден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен қайтадан жүгінуіне болады.».