«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 бұйрығына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін саралау үшін өңірлік комиссия осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
Облыс әкімі К. Көкрекбаев
Қызылорда облысы әкімінің Жамбыл облысы әкімдігінің
2017 жылғы «___»_______
№ ___қаулысына қосымша
Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін саралау үшін
өңірлік комиссияның құрамы
1. |
Манжуов Ерқанат Нұрбапаұлы |
-
|
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
|
2. |
Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы
|
- |
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары, облыстық дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі федерацияларының вице-президенті; |
3. |
Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы |
- |
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, комиссия мүшесі, облыстық жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті; |
4. |
Ізімбетов Назарбек Әжбекұлы |
- |
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі, облыстық асық ату, құсбегі және тазы иттері федерацияларының вице-президенті; |
5. |
Қылышбаев Пархат Әуезұлы |
- |
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры, комиссия мүшесі, облыстық дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі федерацияларының вице-президенті; |
6. |
Стамкұлов Марат Темірқалиұлы |
- |
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының №2 спорт мектебінің директоры, комиссия мүшесі, облыстық каратэ-до федерациясының вице-президенті; |
7. |
Момынов Нұрдәулет Нәбиұлы |
- |
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Әулие-Ата» ат спорты клубының директоры, комиссия мүшесі, облыстық Ат спорты федерациясының президенті (келісім бойынша); |
8. |
Райымқұлов Ғали Әуелбайұлы |
- |
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт түрлерін дамыту бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы; |