2017 жылдың 19-21 мамыр аралығында Лион (Франция) қаласында киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер арасында 31-ші Еуропа чемпионаты (The 31th European Weight Category Karate Championship) өтті .
- 7
Чемпионатқа Еуропаның 27 мемлекетінен барлығы 600 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан ҚР Ұлттық құрама командасының сапында Датқа Қуаныш (40кг) қатысып ІІІ орын иеленді. Жаттықтырушысы Шейренов Жасқайрат.
2017 жылдың 20-21 мамыр аралығында Тараз қаласы «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы» (Жамбыл даңғылы, №16»г») спорт кешенінде Қазақстан Республикасының 4-ші Жастар ойындары бағдарламасындағы дзюдо жарысы өтті.
- 4
Соревнования прошли по 8 весовым категориям (55кг, 60кг, 66кг, 73кг, 81кг, 90кг, 100кг, +100кг) среди юношей, по 8 весовым категориям (44кг, 48кг, 52, 57кг, 63кг 70 кг, 78кг, +78кг) среди девушек. В турнире приняло участие 210 спортсменов из 13 сборных команд областей республики, а также городов Астаны и Алматы. От Жамбылской области приняло участие 16 спортсменов, которые показали нижеследующее результаты:
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған ҰҚК Төрағасы кубогінің іріктеу жарысы
- 6
2017 жылдың 18 мамыр күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған ҰҚК Төрағасы кубогінің іріктеу жарысы өтті.
Грек-рим және еркін күресінен есту қабілеті нашар мүгедек спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты
- 2
2017 жылдың 14-17 мамыр аралығында Көкшетау қаласында грек-рим және еркін күресінен есту қабілеті нашар мүгедек спортшылар арасында (жасөспірімдер мен жастар) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған чемпионатқа Астана, Алматы қалалары және Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Жамбыл, ОҚО, Қостанай облыстарынан еркін күрестен 61 спортшы, грек-рим күресінен 50-ден астам спортшылар қатысты.
Жамбыл облысынан Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК –нан 15 спортшы қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша Жамбыл облысы спортшылары төмендегідей нәтиже көрсетті:
Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты
- 7
2017 жылдың 10–14 мамыр аралығында Нью-Дели (Үндістан) қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.
Жамбыл облысынан еркін күрестен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының сапында Ақжүрек Таңатаров (70кг) қатысып І орын иеленді. А.Таңатаров ширек финалда моңғолиялық Хатаанбатаар Даваатсеренді, жартылай финалда жапониялық Моможиро Накамураны 11:7, финалда өзбекстандық Ихтиор Наврузовты 11:7 есебімен жеңді. Жаттықтырушысы Әділет Сарыбаев.
Ұлы Отан соғысының жеңіс күніне арналған, «Джун Ри-Таеквон-до» және командалық «Ордабасы» ұлттық ойынынан Халықаралық турнирі
- 2
2017 жылдың 12-14 мамыр аралығында Тараз қаласындағы «Тараз Арена» спорт сарайында Ұлы Отан соғысының жеңіс күніне арналған, «Джун Ри-Таеквон-до» және командалық «Ордабасы» ұлттық ойынынан Халықаралық турнирі өтті.
Аталған жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан Республикасынан, Алматы, ОҚО, Жамбыл облысынан 10 командадан 260 спортшы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жүлдегерлер анықталды: