Бүгін: 30.06.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығына сәйкес, басқарма қарауындағы «Әулие-Ата» ат спорты клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның қызметіне 2016 жылдың 18 мамыр мен 23  маусым аралығында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде  жекешелеген кемшіліктер анықтаған, оларды келешекте болдырмау мақсатында «Әулие-Ата» ат спорты клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорында және «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорында мемлекеттік сатып алу заңнамалары бойынша жауапты қызметкерлер арасында  сабақтар жүргізіліп, заң талаптарын қатаң түрде сақтау керектігі ескертілді.