Бүгін: 28.05.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың  2-6 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында Қазақстан Республикасы есесектер арасында құсбегіліктен чемпионаты өтті.

Облыстың Меркі ауданынан 2 бүркіт, 1 қаршыға қатысты.

І орын (қаршыға) – Бабажан Бақдәулет (Меркі ауданы)

2017 жылы 9-13 ақпан аралығында Алматы облысы Есік қаласында Әбен Тоқтасынұлы және Сейітжан Байжүнісұлы еске алуға арналған құсбегілердің Республикалық турнирі өтті.

Облыстың Меркі ауданынан 3 бүркіт, 1 қаршыға қатысты.

І орын (қаршыға) – Бабажан Берікболсын (Меркі ауданы)

ІІІ орын (бүркіт) – Жалғасұлы Серікболсын (Меркі ауданы)

2017 жылғы 17-22 ақпан аралығында Атырау қаласында Құсбегілер арасындағы «Қансонар-2017» Республикалық турнирі өтті.

Облыстың Меркі ауданынан 1 бүркіт, 1 қаршыға және Жамбыл ауданынан 2 бүркіт, 1 қаршыға қатысты.

І орын (қаршыға) – Бауыржан Шернияз (Жамбыл ауданы).

2017 жылғы 22-26 ақпан аралығында Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы ұлттық спорт түрлерінен «Сонар-2017» Құсбегілер арасындағы Республикалық турнирі өтті.

Облыстың Меркі ауданынан 1 бүркіт, 1 қаршыға, Жамбыл ауданынан 2 бүркіт, 1 қаршыға және Байзақ ауданынан 1 бүркіт, 1 қаршыға қатысты.

ІІ орын (қаршыға) – Бауыржан Турнияз (Жамбыл ауданы)

ІІІ орын (қаршыға) – Дауылбаев Қалихан (Байзақ ауданы)