2017 жылдың 11 мамыр күні Тараз қаласы, «Қ.Рысқұлбеков» атындағы саябақта «Біз – салауатты өмір салтын қолдаймыз!» ұранымен көше ойындарының облыстық чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 500-ден астам спортшы қатысты.
Көше ойындарының облыс чемпионаты жас ерекшеліктері бойынша спорттың 8 түрінен өткізілді: стритворкаут, армрестлинг, мас-рестлинг, армлифтинг, народный жим, гір спорты, арқан тарту, стритбол.
Жалпы командалық есепте жарыс нәтижесі төмендегідей:
16 жасқа дейін
І орын - Меркі ауданы құрама командасы.
ІІ орын - Тараз қаласы құрама командасы.
ІІІ орын - Байзақ ауданы құрама командасы.
16-21 жас аралығы
І орын - Қордай ауданы құрама командасы.
ІІ орын - Тараз қаласы құрама командасы.
ІІІ орын - Меркі ауданы құрама командасы.
21 жастан жоғары
І орын - Тараз қаласы құрама командасы.
ІІ орын – Т.Рысқұлов ауданы құрама командасы.
ІІІ орын - Меркі ауданы құрама командасы.