Бүгін: 17.06.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың 10-14 маусым аралығында Тараз қаласы «№6 облыстық бокс мектебі» (Қ.Тұрысов, №3 «б») спорт кешенінде Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Жамбыл облысы прокуратурасымен бірлесіп «Елдің тұрақтылығы - халықтың бірлігінде» іс-шаралар жоспарының облыстық жобасы аясында және Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлын еске алуға арналған бокстан 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтеді.

Турнир 15 (42кг, 44кг, 46кг, 48кг, 50кг, 52кг, 54кг, 57кг, 60кг, 63кг, 66кг, 70кг, 75кг, 80кг, +80кг) салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Турнирге Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Азербайжан, Қырғыз Республикасы және Қазақстан Республикасының 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 300 спортшы қатысуы жоспарлануда.

Жарысты ұйымдастырып өткізуге басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп  жүзеге асырады.

Жарысты өткізудің негізгі мақсаты Ұлтаралық қақтығыстың алдын-алу жұмыстарын жандандыру, этникалық төзбеушілік пен экстремистік көріністерге қарсы және үздік боксшыларды Қазақстан Республикасының жасөспірімдер құрама командасы сапына іріктеу, жасөспірімдерді жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдерді отан сүйгіштікке, патриоттық сезім мен ұлтжандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Жарыстың салтанатты ашылуы: «№6 облыстық бокс мектебі» (Қ.Тұрысов, №3 «б») спорт кешенінде 2017  жылдың 10 маусым  күні сағат 10.30-да.