Бүгін: 19.06.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың 5-9 маусым күндері Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында үлкен теннистен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында аймақтық Азия чемпионаты өтті. Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан және Қазақстан елдері қатысқан бұл жарысқа әр командадан 3 ұлмен 3 қыздан қатысты. Бұл додада Қазақстан құрамасының спортшылары І орынға, Өзбекстан ІІ орынға, ал Тәжікстан ІІ орынға ие болды. ҚР жасөспірімдер құрама командасы қатарында № 4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 11 жасар спортшысы Қалдыбек Данир жарыс жеңімпазы атанды. Жарыс қорытындысы бойынша Қалдыбек Данир ҚР жасөспірімдер құрамасы қатарында күз мезгілінде Жапонияда өтетін 12 жасқа дейінгі Әлем чемпионатына қатысатын болады.