Бүгін: 19.06.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың 10-14 маусым аралығында Тараз қаласы «№6 облыстық бокс мектебі» (Қ.Тұрысов, №3 «б») спорт кешенінде Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Жамбыл облысы прокуратурасымен бірлесіп «Елдің тұрақтылығы - халықтың бірлігінде» іс-шаралар жоспарының облыстық жобасы аясында және Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлын еске алуға арналған бокстан 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.

Турнир 15 (42кг, 44кг, 46кг, 48кг, 50кг, 52кг, 54кг, 57кг, 60кг, 63кг, 66кг, 70кг, 75кг, 80кг, +80кг) салмақ дәрежесі бойынша өтті. Турнирге Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстан Республикасының  құрама командасы, Астана қаласы, Алматы қаласы, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан барлығы 150 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 49 спортшы қатысып, 16 медаль (5 алтын, 4 күміс, 7 қола)  иеленді.

 

  1. С.Лесбай (44кг) І орын
  2. Ж.Дүйсенбек (52кг) І орын
  3. Б.Орынбасқанов (57кг) І орын
  4. Н.Сакенов (60кг) І орын
  5. А.Құдіретәлі (66кг) І орын
  6. Ж.Әшірбай (66кг) ІІ орын
  7. Н.Узайр (66кг) ІІ орын
  8. Н.Әжіхан (52кг) ІІ орын
  9. Н.Ермахан (54кг) ІІ орын
  10. А.Дүйсенқұл (42кг) ІІІ орын
  11. Ж.Әскербеков (54кг) ІІІ орын
  12. А.Есіркепов (60кг) ІІІ орын
  13. Р.Дидарбек (70кг) ІІІ орын
  14. Ж.Састай (75кг) ІІІ орын
  15. Ш.Құрыш (75кг) ІІІ орын
  16. О.Арыстанұлы (+80кг) ІІІ орын

Жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы – Е.Жарқымбеков