Бүгін: 19.10.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың 6 шілдекүнісағат 09.00-де «Астана күні» мерекесінеарналғанТаразқаласытұрғындарыарасында «Жайнайбер, жарқырайбер, Астана» атты жеңілатлетикалықжүгірісөтті.

Жүгіріскеоблыс әкімінің аппараты, облыс әкімдігінің басқармалары,  құқық қорғау және сот органдары, аумақтық басқармалар мен мекемелер,  акционерлік қоғамдар, Тараз қаласында орналасқан кәсіпорындар мен мекемеле мен қала тұрғындарынан жалпы 400-ден аса адам қатысты.

Жүгіріс бағыты: Орталық «Достық» алаңынан – (Төле би көшесі бойымен) – ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін, қашықтығы 3 шақырым.

Жарысты ұйымдастырып өткізуге басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жамбыл облысының  женіл атлетика федерациясы және Тараз қаласы әкімдігі  жүзеге асырды.

Жарысты өткізудің негізгі мақсаты «Астана күні» мерекесін атап өту,Тараз қаласы тұрғындары арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және жеңіл атлетикаменшұғылдануға қызығушылығын арттыру.

Жеңіл атлетикалық жүгіріс нәтижесі бойынша:

Ерлер арасында:

І орын – Еркабаев И.

ІІ орын – Калюжный А.

ІІІ орын – Кайпбергенов А

Қыздар арасында:

І орын – Фазылзанова Р

ІІ орын – Әбілхан С.

ІІІ орын – Хабибуллина Р.

Ерлер мен қыздар арасындағы 4-тен 10-шы орынды иеленгендер (Барлыбаев Д., Абиев Б., Мәди Ж., Жетібаев М., Архабаев Е., Акипбаев А., Борисенко С. және қыздар Валиуллина А., Расмамбетова Д., Сатыбалдиева С., Чечуй О., Латыбова А., Адаменко А., Мелдеева М) жасы ең үлкендер (Бүйтеков Ж., Ордалиев Е.) ең жас қатысушылар (Молдыбаев С., Хидиров О.) және дене мүмкіндігі шектеулі қатысушы (Ханбабаев Т.) естелік сыйлықтар мен сертификаттармен марапатталды.