2018 жылдың 12-17 қазан аралығында Павлодар қаласында көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті.
Аталған чемпионатқа еліміздің 7 командадан барлығы 21 спортшы қатысты.
Жамбыл облысынан «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубтан» 3 спортшысы қатысты. Жарыстың қортындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары Шәміл Ришат, Таласбаев Бекзат және Орманова Гульнар жалпы командалық есепте 3 орынды иеленді.
Тоғызқұмалақтан спортшылдарды дайындаған жаттықтырушы Уристембеков Ғалымбек.