Бүгін: 06.08.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу рәсімінің оңайлатылғанына бір жыл болды. 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына сәйкес жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ-ның жергілікті кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Алғашқы жарна келіп түскен сәтте, шот автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаның аты-жөні, басқа да жеке деректемелері жарнаға қатысты төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша расталады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша 2019 жылы Қорда МЗЖ бойынша автоматты түрде барлығы 398 376 шот ашылды. 

Автоматты түрде ашылған жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат салымшыға Қор кеңсесіне тікелей келген кезінде хабардар етіледі. Алайда зейнетақы шотынан ақпарат алудың ыңғайлы тәсілін таңдасаңыз, Қор сайтының жеке кабинетіне тіркеліп, зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін Қор сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы кез келген уақытта бақылай аласыз. Сонымен қатар жеке кабинетте зейнетақы шоты бойынша үзінді көшірмені алып, одан зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін және басқа да ақпараттарды көруге болады.      

Жеке кабинетке қол жеткізу үшін БЖЗҚ кеңсесіне немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің трансфер-агентіне жүгініп, шоттан ақпарат алу тәсілін өзгертуге өтініш беру қажет.

Ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдаған соң, Қор қызметкері enpf.kz сайты және мобильді қосымша арқылы жеке кабинетке тіркелуге көмектеседі. Егер электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, Қор сайтының жеке кабинетінде ақпарат алу тәсілін дербес түрде өзгерте аласыз.

  

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары