Ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары

Наурыз

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері мен жаңадан кірген қызметкерлер салық қызметі органдарына өзі алған табысы мен өзіне меншік құқығымен тиесілі, салық салу обьектісі болып табылатын мүлкі туралы мәліметтердін тапсыруын қадағалау.

Тоқсан сайын

Басқарманың қызметкерлері мен басқарма бағынысындағы мекемелер мен кәсіпорын басшылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң талаптарын түсіндеруге арналған семинарларды өткізу.

Жыл бойы

Тауарлардын, жұмыстардын және көрсетілетін қызметтердін сатып алуын Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүргізу.

Жақын туыстардың немесе ері (зайыбы) атқаратын қызметтерге тікелей бағынатын лауазымдарды атқаруына жол бермеу.

Cыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған қызметкерлердің материалдарын қараған тәртіптік комиссияның жұмысын ашық жариялау.

Спорт мекемелері мен кәсіпорын директоры лауазымына тағайындалуға үміткер тұлғалардың белгіленген тәртіппен алынбаған жазасын білу мақсатында тексеру. (ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасына сұранымдар жолдау).

Басқармаға жаңадан қызметке келген азаматтардың Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын және бюджет заңдылықтарын, сондай-ақ Ар намыс кодексі білуге қойылатын талаптарды күшейту.