Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған ҰҚК Төрағасы кубогінің іріктеу жарысы
- 0
2017 жылдың 18 мамыр күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған ҰҚК Төрағасы кубогінің іріктеу жарысы өтті.
Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты
- 5
2017 жылдың 10–14 мамыр аралығында Нью-Дели (Үндістан) қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.
Жамбыл облысынан еркін күрестен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының сапында Ақжүрек Таңатаров (70кг) қатысып І орын иеленді. А.Таңатаров ширек финалда моңғолиялық Хатаанбатаар Даваатсеренді, жартылай финалда жапониялық Моможиро Накамураны 11:7, финалда өзбекстандық Ихтиор Наврузовты 11:7 есебімен жеңді. Жаттықтырушысы Әділет Сарыбаев.
«Біз – салауатты өмір салтын қолдаймыз!» ұранымен көше ойындарының облыстық чемпионаты
- 15
2017 жылдың 11 мамыр күні Тараз қаласы, «Қ.Рысқұлбеков» атындағы саябақта «Біз – салауатты өмір салтын қолдаймыз!» ұранымен көше ойындарының облыстық чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 500-ден астам спортшы қатысты.
көкпар, аударыспақ және теңге ілуден
- 9
2017 жылдың 8-9мамыр күндері Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылындағы атшабарда 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Құрметті спорт қайраткері Н.Момыновты еске алуға арналған ұлттық ат спорты ойындары көкпар, аударыспақ және теңге ілуден ересектер арасында Жамбыл облысының ашық турнирі өтті.
2017 жылдың 11 мамыр күні Тараз қаласындағы, Қ.Рысқұлбеков саябағында «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне арналған жасөспірімдер арасында «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойынынан Жамбыл облысы турнирі өтті.
- 11
Турнирді өткізу мақсаты: ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, үздік спортшыларды анықтау. Аталған турнирге Тараз қаласы мен аудандардан, 6 командадан 60 спортшы қатысты.
2017 жылдың 27 сәуір – 3 мамыр аралығында Щучинск қаласында бокстан Қазақстан Республикасының 4-ші Жастар спорттық ойындары өтті.
- 17
Жарысқа Республиканың 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 163 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 11 спортшы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті.