Нью-Дели боз кілеміндегі жүлде
- 144
Үндістан астанасы Нью-Делиде 18-23 ақпан аралығында күрес түрлерінен (грек-рим, еркін және әйелдер күресі) Азия чемпионаты өтті. Жамбыл облысынан Қазақстан Республикасының құрама командасының сапында өнер көрсеткен Мейіржан Аширов (70 кг) құрлықтық жарыстың қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, боз кілем шеберінің Азия чемпионатындағы екінші жүлдесі, бұған дейін ол 2018 жылы Бішкек (Қырғыз Республикасы) қаласында өткен құрлықтық додада қола жүлде еншілеген болатын.
Ақпарат
- 134
2020 жылдың 16-22 ақпан күндері Тараз қаласында тоғызқұмалақтан әйелдер арасындағы командалық Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған дүбірлі додаға жалпы саны 72 спортшы қатысқан болатын.
Ақпарат
- 140
Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағытын ілгерілету мақсатында «Алаңдағы тоғызқұмалақ» бұқаралық командалық ұлттық ойынын насихаттау бойынша кезекті шеберлік сағаты Тараз қаласындағы №19 мектепте өтті.
Айта кетейік, инновациялық ойын түрін насихаттау бағытындағы шеберлік сағаты жыл соңына дейін жалғасатын болады.
Күрес түрлерінен ел біріншлігі аяқталды
- 292
Бүгін Таразда ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында еркін және грек-рим күресінен есту қабілеті төмен спортшылар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. 18 ақпан басталған жарысқа еліміздің өңірлерінен іріктелген 105 спортшы қатысты. Айта кетейік, күрес түрлерінен өткен біріншілікте Жамбыл облысы командалық есепте топ жарды.
Ақпарат
- 194
«Тараз-Арена» спорт сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, жүзуден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, ел тарихындағы тұңғыш Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллина мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Қазақша күрестен Жамбыл облысының чемпионаты
- 149
2003-2004 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында 14-16 ақпан күндері қазақша күрестен Жамбыл облысының біріншілігі өтті. Чемпионатқа облысымыздың 10 ауданынан және Тараз қаласынан 200-ге жуық жасөспірім спортшылар қатысты.
Дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты
- 157
2020 жылдың 6-11 ақпан күндері Қостанай қаласында дзюдодан 2003-2004 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде Республикамыздың 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласынан барлығы 695 татами шебері бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысының құрамасы 4 алтын 2 қола жүлде еншілеп жалпы командалық есепте топ жарды.
БЖЗҚ-да автоматты түрде 400 мыңға жуық шот ашылды
- 118
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу рәсімінің оңайлатылғанына бір жыл болды. 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына сәйкес жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ-ның жергілікті кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Алғашқы жарна келіп түскен сәтте, шот автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаның аты-жөні, басқа да жеке деректемелері жарнаға қатысты төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша расталады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша 2019 жылы Қорда МЗЖ бойынша автоматты түрде барлығы 398 376 шот ашылды.
БЖЗҚ-да 2019 жылы 17 миллионға жуық қызмет көрсетілді
- 98
2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы қызметтерін көрсету аясында 16,9 млн операция орындалса, олардың 80 пайызы (13,6 млн) электрондық форматта жүзеге асырылды. 2018 жылмен салыстырғанда өсім 36 пайызға жетті. Дейтұрғанмен көптеген салымшылар зейнетақы қызметтерін алу үшін тікелей Қор мамандарына жүгінгенді қалайды. Еліміз бойынша күн сайын БЖЗҚ-ның барлық кеңселерінде шамамен 13 мың операция орындалады.
2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
- 102
Зейнетақы активтерін басқару бойынша толыққанды есеп enpf.kz сайтында жарияланған.
Алматы, Қазақстан – 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі – 10 798,31 млрд теңге болды.
БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол «Көрсеткіштер»-«Инвестициялық қызмет» бөлімінде мына сілтеме бойынша қолжетімді:
https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/3c7/3c70a3b031ce2f6ead2f84c6fa86d3ce.pdf.
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының сомасы 10,8 триллион теңгеден асты
- 133
Қазақстанның маңызды қаржы институттарының бірі – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылды қорытындылады.
2020 жылдың 1 қаңтарына қарай барлық көрсеткіштер бойынша даму серпіні оң сипатқа ие. Нақты айтсақ, 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қордың зейнетақы жинақтары 10,8 триллион теңгеден асты. Ал жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 10 миллионнан асып отыр. Дәлірек – 10 672 567 бірлікті құрап, бір жыл ішінде 3 пайызға өсті. Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған – 9,9 млн бірлік. Бұдан кейінгі орында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша ашылған шоттар – 0,5 млн бірлік. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша да өсім байқалады. 2019 жылдың соңына қарай ЕЗЖ бойынша ашылған шоттардың саны – 54 365 бірлікке жетіп, 2018 жылғы көрсеткіштен салыстырғанда 14 пайызға көбейді.
Басшы блогы
Байланысу
Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы |
45-86-18 |
Басқарма басшысының орынбасары – Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы |
43-00-69 |
Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы |
45-31-69 |
Сенім телефоны |
9.00-19.00 дейін, 51-71-95 |
Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72 |
Индекс 080000 |