1. Туристік қызмет саласында қызметтер көрсететін ұйымдардың бірлескен кірістерінің 2015 жылы 2008 жылдың деңгейінен кем дегенде 15 % ұлғаюы және 299,8 млн. тенге құрайды.
2. Туризм индустриясы инфрақұрылымының жаңа ашылған объектілерінің саны.
3. Жыл сайын туристік қызметтердің 10 % өсімі.
4. Туристік индустрия бойынша оқыту семинарларына қатысушылар санын ұлғайту.
5. Туристік индустрияны ұйымдастыру курстары тыңдаушыларының санын ұлғайту.
6. Қазақстан Республикасы делегациясы құрамында Жамбыл облысы өкілдерінің қатысуымен өткен халықаралық іс-шаралар саны.
7. Кіру туризмі көлемін ұлғайту.
8. Ішкі туризм көлемін ұлғайту.
9. Жамбыл облысының туристік әлеуеті туралы жарнамалық-ақпараттық материал саны.
Туризм бойынша 2011–2015 жылдарға міндеттер және мақсатты индикаторлары
(PDF, 271 Kb)
2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
(PDF, 866 Kb)
Қол жеткізу жолдары
І және ІІ кезеңдерде (2011–2015 жж.): 2015 жылға қарсы «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында 6 жол жағасы инфрақұрылым объектілері ашылады және туристік объектілерге апаратын автомобиль жолдарын салу, жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылады. Үш ірі инвестициялық жобаларды іске асыру көзделуде: «Көксай» тау-шаңғы базасы, «Юрточный отель» және «Тау самалы» туристік кешендері. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберінде аймақта 2* және 3* класты қонаүйлер желісін дамыту үшін жағдайлар жасалып, туристік салаға инвестициялар тартылады.
Шаралар
— Тақырыптық оқыту семинарлары, сондай-ақ жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып гидтер, экскурсоводтар, туризм нұсқаушыларын даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату курстары (жылына 3 рет) өткізілетін болады.
— Жамбыл облысының туристік әлеуеті туралы журналдар, буклеттер, карталар, баннерлер сияқты жарнамалық-ақпараттық материалдар әзірлеу және шығару
— Өңір делегациясының Алматы қаласындағы «KITF», Астана қаласындағы «Astana Leisure», Пекиндегі «BITE», Лондондағы «WTM», Берлиндегі «ITB», Мадридтегі «FITUR» сияқты халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелерге, биржаларға, слеттерге қатысуы
— Өңірде туристік ақпараттық орталық құру мәселесін пысықтау
— «Сарқылмас саяхат» республикалық туристік жәрмеңкесіне қатысу
— Халықаралық туристік компаниялар мен қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен «Ұлы Жібек жолының қазақстандық телімінің туристік әлеуеті» өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу
— Оқушылар мен студенттердің қатысуымен Бүкіл әлемдік туризм және туристік экспедиция күніне арналған «Менің Отаным — Қазақстан» күзгі туриадасын өткізу; Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт министрлігінің www.visitkazakhstan.kz веб-сайтындағы өңірлік туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты толықтыру.