Ru

Гір тасын көтеру және қол спорты бойынша «Тараз 2012» Жамбыл обласының чемпионаты

Облыс құрама командасын жасақтау

Чемпионатта облысымыздың сегіз ауданынан, «Ак-ниет», «М. Джим», «Локомотив» спорт клубтарынан, Тараз қалсының екі колледжінен және қалалық 2 спорт мектебінен 100-ден аса спортшылары қатысты.

Гір көтеру спортынан жарыс ұзак цикл тәсілінде бес салмақ дәрежесінде өтті, солай-ақ, әр салмақ дәрежесінде жеңімпаз аталғандар:

  • 60 кг — Ф. Наврозидис,
  • 65 кг — Н. Карабашев,
  • 70 кг — М. Теплухин,
  • 80  кг — И. Теплухин,
  • 80 кг көбiрек — М. Журкабаев.

Гір тасын көтеруден абсолюттық чемпион болып Н. Карабашев анықталды.

Гір тасын көтеру жарысынан командалық есепте Талас ауданындағы № 26 БЖСМ спортшылары бірінші орынға иеленді, екінші жүлделі орынға Жуалы ауданындағы БЖСМ спортшылары иеленді және үшінші орынға Сарысу ауданының спортшылар иеленді.

Қол күресінен жарыс спорттың екі түрінен әйелдер мен ерлер арасында өткізілді (сол және оң қолымен көрсеткен қос ұпайлары). Әйелдер арасында жарыс алты салмақ дәрежесінде өтсе, ерлер арасында жеті салмақ дәрежесінде өткізілді.

Аталған жарстың қорытындысы бойынша әйелдер арасында қол күресінен облыстың абсолюттық чемпионы болып А. Аманкелдиева аталды (Жамбыл ауданындағы №9 БЖСМ), ерлер арасында облыс чемпионы болып Д. Трубин аталды (№ 2 ОМОЖДБЖСМ).

Аталған чемпионатта 10 спортшы «ҚР спорт шеберіне үміткер» дәрежесін орындады.

Чемпионаттың жеңімпаздары Жамбыл облысының құрама командасын жасақтайды. 14-19 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысады.