Бүгін: 19.06.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың 3-5 маусым аралығында Тараз қаласындағы  Абай даңғылы, 113, Орталық стадионында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының 5-ші Спартакиадасына Жамбыл облысының іріктеу жарысы өтті.

2017 жылдың 1 маусым күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Әкем, анам  және мен – спорттық отбасы» облыстық спорттық фестивалі өтті. Аталған жарыстың қалалық және аудандық іріктеу кезеңіне 98 отбасынан 294 адам қатысты, ал облыстық жарысқа  Тараз қаласы және 8 ауданнан барлығы 9 отбасынан 27 адам қатысты (12 жасқа дейінгі балалар және ата-аналар).

2017 жылдың 22-25 мамыр аралығында Алматы қаласында жеңіл атлетикадан есту қабілеті төмен мүгедек спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатқа Алматы, Астана қалалары мен облыстардан 16 командадан 310 спортшы қатысты.

2017 жылдың  28 мамыр күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов атындағы облыстық спартакиадасы өтті.

Спартакиада спорттың 3 түрі бойынша (шағын футбол, волейбол, эстафета) өткізілді.

2017 жылдың  26 мамыр күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында «Жастар – терроризм мен экстремизмге қарсы» ұранымен Жамбыл облысындағы техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің студенттері арасындағы спартакиадасы өтті.

Спартакиада студенттер арасында спорттың 6 түрі бойынша (шағын футбол, үстел теннисі, волейбол, армрестлинг, асық ату және жеңіл атлетика) өткізілді. Аталған жарысқа  237 астам студент  қатысты.

2017 жылдың  24 мамыр күні Тараз қаласында «Тараз-Арена» спорт сарайында «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне және ҚР Мемлекеттiк қызметшілер күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадасы өтті.

Спартакиада мемлекеттік басқару органдары қызметшілер арасында спорттың 10 түрі бойынша (шағын футбол, үстел теннисі, жүзу, армрестлинг, гір көтеру, шахмат, төғызқұмалақ, ұзындыққа секіру, турникке тартылу және жеңіл атлетика) өткізілді.

2017 жылдың 19-20 мамыр  аралығында Тараз қаласындағы «Облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында дзюдо күресінен есту қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Чемпионатқа Еуропаның 27 мемлекетінен барлығы 600 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан ҚР Ұлттық құрама командасының сапында Датқа Қуаныш (40кг) қатысып ІІІ орын иеленді. Жаттықтырушысы  Шейренов Жасқайрат.

2017 жылдың 20-21 мамыр аралығында Тараз қаласы «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы» (Жамбыл даңғылы, №16»г») спорт кешенінде Қазақстан Республикасының 4-ші Жастар ойындары бағдарламасындағы дзюдо жарысы өтті.

2017 жылдың 18 мамыр күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған ҰҚК Төрағасы кубогінің іріктеу жарысы өтті.