Бүгін: 20.06.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың 14-17 мамыр аралығында Көкшетау қаласында грек-рим және еркін күресінен есту қабілеті нашар мүгедек спортшылар арасында (жасөспірімдер мен жастар) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатқа Астана, Алматы қалалары және Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО,  Жамбыл, ОҚО,  Қостанай   облыстарынан  еркін күрестен 61 спортшы, грек-рим күресінен 50-ден астам спортшылар қатысты.

Жамбыл облысынан Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК –нан 15 спортшы қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша Жамбыл облысы спортшылары төмендегідей нәтиже көрсетті:

2017 жылдың 10–14 мамыр аралығында Нью-Дели (Үндістан) қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.

Жамбыл облысынан еркін күрестен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының сапында Ақжүрек Таңатаров (70кг) қатысып  І орын иеленді. А.Таңатаров ширек финалда моңғолиялық Хатаанбатаар Даваатсеренді, жартылай финалда жапониялық Моможиро Накамураны 11:7, финалда өзбекстандық Ихтиор Наврузовты 11:7 есебімен жеңді. Жаттықтырушысы  Әділет Сарыбаев.

 

2017 жылдың 12-14 мамыр аралығында Тараз қаласындағы «Тараз Арена» спорт сарайында Ұлы Отан соғысының жеңіс күніне арналған, «Джун Ри-Таеквон-до» және командалық «Ордабасы» ұлттық ойынынан Халықаралық турнирі өтті.

Аталған жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан Республикасынан, Алматы, ОҚО, Жамбыл облысынан 10 командадан 260 спортшы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жүлдегерлер анықталды:

2017 жылдың 11-14 мамыр күндері Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында қазақ күресінен есесектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы өтті.

Аталған жарысқа Астана, Алматы қалаларынан және барлық облыстардан 170 спортшы қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша Жамбыл облысы спортшылары төмендегідей нәтиже көрсетті:

Гарипуллаев Бахтан (66 кг) – І орын

Пахрединов Дәулет (82кг) – ІІІ орын

2017 жылдың 11-14 мамыр аралығында Көкшетау қаласында асық атудан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа Алматы, Қызылорда, Көкшетау қалалары мен ОҚО, Жамбыл, Ақмола, Қостанай, СҚО облысынан 8 командадан 128 спортшы қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте төмендегідей жүлдегерлер анықталды:

2017 жылдың 11 мамыр күні Тараз қаласы, «Қ.Рысқұлбеков» атындағы саябақта «Біз – салауатты өмір салтын қолдаймыз!» ұранымен көше ойындарының облыстық чемпионаты өтті.  Аталған жарысқа 500-ден астам спортшы қатысты.

2017 жылдың 8-9мамыр  күндері Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылындағы атшабарда 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Құрметті спорт қайраткері Н.Момыновты еске алуға арналған ұлттық ат спорты ойындары көкпар, аударыспақ және теңге ілуден ересектер арасында Жамбыл облысының ашық турнирі өтті.

Турнирді өткізу мақсаты: ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, үздік спортшыларды анықтау. Аталған турнирге Тараз қаласы мен аудандардан, 6 командадан 60 спортшы қатысты.

Жарысқа Республиканың 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 163 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 11 спортшы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті.

Чемпионатқа Республиканың 12 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 360 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 36 спортшы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті.