Бүгін: 21.06.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың 6 мамыр күні Тараз қаласында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай облыс тұрғындары арасында велошеру  өтті.

Велошеру бағыты: «Достық» орталық алаңы  - «Әулие Ата» әуежайы (10 шақырым).

2017 жылдың 3 мамыр күні Тараз қаласындағы орталық стадионда  «Дені сау ұлт – Қазақстанның болашағы!» ұранымен аула ойындарының облыстық спорттық фестивалі өтті.

2017 жылдың 30 сәуір – 7 мамыр аралығында Ташкент (Өзбекстан) қаласында бокстан ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.

Чемпионатқа Азияның 29 мемлекетінен барлығы 200 жуық спортшы қатысты. Жамбыл облысынан ҚР Ұлттық құрама командасының сапында Әбілхан Аманқұл (75 кг) қатысып  ІІІ орын иеленді.

Жаттықтырушысы  Нұрлан Ақүрпеков.

2017 жылдың 27 сәуір – 3 мамыр аралығында Щучинск қаласында жастар арасында бокстан Қазақстан Республикасының 4-ші Жастар спорттық ойындары өтті.

Жарысқа Республиканың 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 163 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 11 спортшы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті.

2017 жылдың 1-2 мамыр аралығында «Тараз-Арена» спорт сарайында самбо күресінен 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті.

Чемпионатқа Республиканың 12 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 360 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 36 спортшы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті.

2017 жылдың 27 – 30 сәуір аралығында Тараз қаласында Тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында Жамбыл облысы чемпионаты өтті. Аталған жарысқа облыстың 6 ауданынан және Тараз қаласынан 7 командадан 29 спортшы қатысып төмендегідей нәтиже көрсетті:

2017 жылдың 19 – 24 сәуір аралығында Шымкент қаласында бокстан қыздар арасында Қазақстан Республикасының 4-ші Жастар спорттық ойындары өтті.

Аталған жарысқа республиканың 12 облысы мен Алматымен Астана қалаларынан 14 командадан 96 спортшы қатысты. Аталған жарысқа Жамбыл облысынан 10 спортшы қатысып төмендегідей нәтиже көрсетті:

2017 жылдың 14 – 16 сәуір аралығында Астана қаласында арбадағы спорттық биден тірек – қимыл аппараты зақымданған мүгедек – спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасы кубогы өтті. Аталған жарысқа республиканың 8 облысынан және Астана қаласынан 9 командадан 40-қа жуық спортшы қатысты. Аталған жарысқа Жамбыл облысынан 3 спортшы қатысып төмендегідей нәтиже көрсетті:

2017 жылдың 8 – 14 сәуір аралығында Семей қаласынады Паурлифтингтен тірек – қимыл аппараты зақымданған мүгедек – спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Аталған жарысқа республиканың 11 облысынан және Астана және Алматы қалаларынан 13 командадан 88-ге жуық спортшы қатысты. Аталған жарысқа Жамбыл облысынан 5 спортшы қатысып төмендегідей нәтиже көрсетті:

2017 жылдын 5 сәуір күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Ардагерлер ұйымына құрылғанына 30 жыл толуына және ҰОС-ның жеңісіне 72 жылдығына орай дәстүрлі облыстық турнирі өтті. Турнирге облыстын барлық аудандары мен Тараз қаласынан барлығы 11 командадан 121 адам қатысып төмендегідей нәтижелер көрсетті.