Бүгін: 19.06.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың 26 ақпан – 1 наурыз аралығында Шымкент қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа Республиканың барлық облыстарынан және Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 458 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 27 спортшы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті.

2017 жылы 17 – 22 ақпан аралығында Мәскеу (Ресей) қаласында ересектер мен жастар арасында ушудан «MOSCOW WUSHU STARS» атты Халықаралық турнир өтті. Аталған жарысқа 20-ға жуық мемлекет қатысты. Жамбыл облысынан 14 спортшы қатысып төмендегідей нәтиже көрсетті:

2017 жылдың 24-25 ақпан күндері «Тараз-Арена» спорт сарайында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен қазақ-күресінен ересектер арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа Тараз қаласы мен аудандардан – 106 спортшы қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаз – жүлдегерлер анықталды:

2017 жылдың 20-24 ақпан аралығында Сарысу ауданы, Саудакент ауылында тоғызқұмалақтан 2007-2008 ж.т. жасөспірім қыздар мен ұлдар арасындағы жекелей классика және жекелей блиц Жамбыл облысының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа Тараз қаласы мен облыс аудандардарынан барлығы 68 спортшы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаз – жүлдегерлер анықталды:

2017 жылдың 24 – 26 ақпан аралығында Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында қол күресінен жастар және жасөспірімдер арасында Жамбыл облысы чемпионаты өтті.

Чемпионатқа облыстын аудандарынан және Тараз қаласынан 14 команда, барлығы 200-ден аса спортшы қатысты. Жарыс нәтижелері бойынша облыстық құрама командасы құрылды.

Жаттықтырушы В.Трубин.