Бүгін: 21.06.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың 27 – 29 сәуір аралығында Астана қаласында жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатқа республиканың барлық облыстарынан және Астана, Алматы калаларынан 320 спортшы қатысты. 

Жамбыл облысының құрама командасынан 20 спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша:

2017 жылдың 22 наурыз күні Тараз қаласы Төле би көшесінің бойында («Мемлекеттік кірістер департаменті» – «Жамбыл» қонақ үйі) Наурыз мерекесіне арналған бұқаралық және ұлттық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Олар:  «Бүркітшілер мен тазы иттер» көрмесі, «Алаңдағы тоғызқұмалақ», асық ату, ләңгі тебу, қол күресі, гір тасын көтеру, қазақ күресі, үстелдегі тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, арқан тарту.

2017 жылдың 10-15 наурыз аралығында Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында тоғызқұмалақтан Жамбыл облысының ерлер арасындағы командалық чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа Тараз қаласы мен облыс аудандардарынан 7 командадан, барлығы 35 спортшы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаз – жүлдегерлер анықталды:

2017 жылдың 17-18 наурыз аралығында Тараз қаласындағы «Тараз» орталық стадионында «Наурыз-2017» мейрамын мерекелеуге арналған шахмат, дойбы «64» және тоғызқұмалақ зияткерлік ойындарынан көру қабілеті төмен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Жамбыл облысы чемпионаты өтті.

2017 жылдың  2-6 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында Қазақстан Республикасы есесектер арасында құсбегіліктен чемпионаты өтті.

Облыстың Меркі ауданынан 2 бүркіт, 1 қаршыға қатысты.

2017 жылдың 28 ақпан – 3 наурыз аралығында Тараз қаласындағы «Олимпик» спорт кешенінде қазақ күресінен 1998-1999 ж.т жастар (жігіттер мен қыздар) арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа барлық облыстардан және Астана, Алматы қалаларынан 270 қатысты, ұлдар (8 салмақ дәрежесінде) және қыздар (7 салмақ дәрежесінде).

Жарыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаз – жүлдегерлер анықталды:

2017 жылдың 1-5 наурыз аралығында Меркі ауданы, Сұрат ауылында 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған тоғызқұмалақтан 2009-2010 жылы туылған жасөспірім қыздар мен ұлдар арасындағы жекелей классика және жекелей блицтен Жамбыл облысы чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа Тараз қаласы мен облыс аудандардарынан барлығы 30 спортшы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаз – жүлдегерлер анықталды:

2017 жылдың 3-5 наурыз аралығында Шымкент қаласында белбеу күресінен 1997-1998 ж.т жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа республиканың барлық облыстарынан және Астана, Алматы қалаларынан 210 спортшы қатысты.

2017 жылдың 4  наурыз  күні Талас ауданы, Қаратау қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай облыс, Тараз қаласы мен аудан әкімдері аппаратының әйел қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті.

Аталған жарысқа 11 командадан 110 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі төмендегідей:

2017 жылдың 4 наурыз күні  Тараз  қаласы “Тараз-Арена” спорт сарайында  «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне арналған облыс әкімдігі, құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы кіші футболдан облыстық турнирі өтті.